Шағала» балабақшасы 1969 жылы қазіргі Бірлік ауылында, (Бұрынғы атауы Придорожный) ашылды. Ашылғанда 4 топ жұмыс жасағын.100 бала тәрбиеленген.Меңгерушісі болып сол кездегі Новостроительный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып жасаған Халидуллина Ағилаш сайланған. Өзі ұстаз болып жасаған Ағилаш балабақшаның өркендеуіне көп үлес қосқан
2015 ж 4- желтоқсан айынан бастап «Шағала» балабақшасы жаңа ғимаратқа көшті.Сонымен қатар атауы да өзгертіліп № 33«Көркемай» деп аталды.Осы балабақшаға директор болып Конаева Гүлбану Конаевна келді.Г.К.Конаева осыған дейін №8 «Ақбота»балабақшасында тәрбиеші болып 21 жыл жұмыс жасаған. №25 «Еркемай» балабақшасында әдіскер болып 3 жыл жұмыс жасаған.Сол кезде қалалық педагогикалық оқуға қатысып 2015ж екінші дәрежелі дипломмен марапатталған. Облыстық әдіскерлер сайысына қатысып 2015 ж «Үздік әдіскер» атағын жеңіп алған. Жұмыс тәжірибесінен республикалық басылымдарға еңбектері шығып жүр.2015 жылдың тамыз айынан қараша айының аралығында Теңдік ауылындағы «Шағала» балабақшасында директор болып еңбек етті. «Көркемай» балабақшасы ашылғаннан бері осы балабақша директоры болып келеді. Балабақша 160 орындық 8 топ жұмыс жасайды. Балабақша «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» акционерлік қоғамының демеушілігімен салынған. Музыка залы, спорт залы ,әдістемелік кабинет, арнайы ойын алаңдарымен, медициналық кабинетпен жабдықталған. Балабақшада 65 адам еңбек етуде оның ішінде 22 педагог еңбек етеді. Оның 2-і жоғары санатты, 3-і бірінші санатты,6-ы екінші санатты мамандар. Жоғары білімді 7 маман, арнаулы орта білімді 10 маман, 5 маман жоғары оқу орнында оқып жатыр.
Балабақшада ата-аналармен жұмыстар жақсы жолға қойылған.Түрлі «Әкелер бізде қонақта!», «Әжем менің » тб сайыстар өтіп тұрады. Балабақша мамандары арнаулы сайыстарға қатысып озат көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. 2017 жылдың ақпан айында өткен қалалық педагогикалық оқуларға қатысып Махымғалиева А.Т жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталды. Сәуір айында өткен «Айгөлек» балалар шығармашылық конкурсында «Би » номинациясы бойынша жүлделі III орынды алды. 2017 жылдың қараша айында өткен «Үздік дене шынықтыру маманы » сайысынды осы балабақшаның дене шынықтыру маманы Тлегенова Д.
«Гран-При» жүлдесін жеңіп алды. Тлегенова Данагүл туралы облыстық теледидар арнайы хабар түсіріп ,облыс көлеміне тәжірибесі таратылды.«Серпер» республикалық балалар шығармашылығына арналған конкурсқа қатысып балабақша бүлдіршіндері арнайы II және Ш дәрежелі дипломдармен марапатталды. Балабақшаның музыканты Есболғанова Ә.Д «Үздік ұстаз» дипломымен, хореограф Карманова Р.Б «»Үздік ұстаз дипломымен марапатталды. Бұл біздің «Көркемай» балабақшасының жетістігі.
https://korkemai33.goroo-atyrau.kz/balabaqsha-tur-korkemai/tarihy-korkemai.html#sigFreeId9bedcb7764